Аудиторлық қызметтердің Тапсырыс берушісі «Қазақтүрікмұнай» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 10.12.2024 ж. күнгі № 244 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 процентінен астамы «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей немесе сенімгерлік құқығында тиесілі мекемелер үшін аудиторлық ұйымды таңдау ережелерін» (әрі қарай – Ережелер) басшылыққа ала отырып, төмендегі көлемде және шарттармен аудиторлық қызметтерді көрсететін аудит компаниясын таңдау рәсімін жариялайды:
1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекен-жайы: «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 173/1, 408 кабинет, «Прогресс» БО, aktm@ktm.kmg.kz, тел.8 (7132) 97 68 70, 97 68 54.
2. Сатып алынатын аудиттің және онымен байланысты қызметтердің қысқаша сипаттамасы. Тапсырыс берушінің қаржылық есебі аудитін жүргізу бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС есеп саясатына сәйкес дайындалған аудиторлық қызметтерді ұсыну қажет.
3. Қызмет көрсету орны: «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 173/1, 408 каб., «Прогресс» БО.
4. Сатып алынатын аудиттің және құны Қызметтің жалпы құнына енгізілген аудиторлық тексеру аясындағы ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы басшылыққа жазылған хаттарда тиісті ұсынымдармен бірге құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Қатысушылардың ресми өтініші бойынша ұсынылатын 2025-2027 жылдар үшін «Қазақтүрікмұнай» ЖШС үшін аудит компаниясын таңдау рәсіміне қатысу өтінімінде (әрі қарай – таңдау рәсіміне қатысу өтінімі) беріледі.
5. Аудит компаниясының қызметін сатып алуға бөлінген сома ҚҚС қоспағанда 95 957 980 (Тоқсан бес миллион тоғы жүз елу жеті мың тоғыз жүз сексен) теңге, оның ішінде:
2025 жылға – 30 740 000 теңге;
2026 жылға – 31 969 600 теңге;
2027 жылға – 33 248 380 теңге.
6. Аудит компаниясын таңдау рәсіміне қатысу туралы өтінімнің көшірмесін ықтимал Қатысушылардың уәкілетті өкілдері электронды түрде немесе Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 173/1, «Прогресс» БО, 409 кабинетінен, aktm@ktm.kmg.kz, тел. 8 (7132) 97 68 70, 97 68 54 мекен-жайынан құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін ала алады.
7. Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген ықтимал Қатысушы осы хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде және Таңдау рәсіміне қатысу туралы Өтінімде көрсетілген талаптарға сәйкес Қызметтерді ұсыну туралы ресми ұсыныс беруі тиіс.
8. Қатысушылардың ресми ұсыныстары Тапсырыс берушіге Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 173/1, «Прогресс» БО, 408 кабинет мекен-жайына мөрленген конвертте ұсынылады. Ықтимал Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері тарапынан ресми ұсыныстар әдейі келіп берілген жағдайда, ықтимал Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері Қатысушының ресми ұсынысын ұсыну құқығын көрсететін сенімхатпен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін көрсетуі тиіс.
Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынуы мерзімі басталуы - 2025 жылдың 08 сәуірі.
Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынуы мерзімі аяқталуы - 2025 жылдың 28 сәуірі.