Сатып алулар

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу тәртібі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың (2022 жылғы "3" наурыздағы № 193 хаттама) сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге.


2025 жылғы тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу және материалдық-техникалық 

қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстардың қорытындылары

Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу

2025 жылға арналған жылдық жоспардың орындалуы 100 %-ды құрады, оның ішінде 2025 жылғы 1 шілдедегі ТЖҚ сатып алу жылдамдығы бойынша мақсатты индикатор орындалды (кемінде 80 % болуы тиіс), ал нақты орындалуы 1 шілдеге 95,54 %-ды құрады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша сатып алу рәсімдерін жүргізгеннен кейін үнемдеу 1 062 млн теңгені құрады.

2025 жыл қорытындысы бойынша жоспарлау және сатып алуды ұйымдастыру бөлімі тарапынан сатып алу рәсімдерінде бұзушылықтар бойынша нұсқамалар алынған жоқ.

Бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылған сатып алулар саны 2024 жылғы 84 сатып алумен салыстырғанда 54 сатып алуға дейін қысқарды.

2025 жылға арналған жоспарларға енгізілген түзетулер саны рұқсат етілген 36 түзету кезінде 24-ке дейін азайды.

Материалдық-техникалық жабдықтау және қойма шаруашылығы бөлімі бойынша

Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) мен негізгі құралдардың (НҚ), сұранысқа ие емес өтімді және өтімсіз ТМҚ мен НҚ қозғалысы.

Компания балансында 1996 жылдың басынан бастап сұранысқа ие емес өтімді/өтімсіз тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚ) қорлары қалыптасты.

Осыған байланысты, 2020 жылы сұранысқа ие емес және өтімсіз қорларды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні сұранысқа ие емес өтімді/өтімсіз ТМҚ қорлары 0 (нөл) теңгеге дейін қысқартылды, бұл олардың 100 % төмендеуін құрайды.

2026 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша өтімсіз қорлар жоқ.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштерге (КПД) қол жеткізілді:

1)    ТМҚ қойма қалдықтарын тиімді пайдалану (қорлардың айналымдылығы) – 150 күннен аспауы тиіс (нақты – 138 күн);

2)    өткізілген сұранысқа ие емес өтімді ТМҚ үлесі және өткізілген, есептен шығарылған өтімсіз ТМҚ үлесі – кемінде 15 % (нақты – 0).

Техникалық дирекциямен бірлесіп тұрақты негізде ТМҚ/НҚ қалдықтарын азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2020–2025 жылдар аралығындағы 5 жыл ішінде ТМҚ/НҚ қалдықтары 56 %-ға қысқарды.

2020 жылы қорлардың айналымдылығы 356 күнді құраған. Соңғы 5 жылда айналымдылық 38,7 %-ға жақсарып, 2025 жылы 138 күн көрсеткішіне жетті.

«ТЖҚ анықтамалығын нормализациялау» жобасы аясында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 282 бұйрығымен нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесін (АСУНСИ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізді, оның құрамына КТМ де кірді.

Деректердің ауқымды көлемі өңделді, нәтижесінде КТМ АСУНСИ кодтарын қолдану бойынша 100 % көрсеткішке қол жеткізді.

Толығырақ