СПАРТАКИАДА 2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы 2025 жылғы спартакиада 20–24 шілде аралығында Ақтау қаласында өтті. Спорттық іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
Жарысқа компанияның 30 еншілес және тәуелді ұйымынан 700-ден астам қызметкер қатысты. Қатысушылар футзал, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, садақ ату, шахмат, киберспорт, жүзу, тоғызқұмалақ, арқан тарту, армрестлинг және асық ату сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС атынан қатысқан қызметкерлер арасында:
Аталған екі қызметкер 2025 жылғы 8–10 тамыз аралығында Астана қаласында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының X мерейтойлық спартакиадасына жолдама алды. Бұл жарысқа 88 компаниядан 1300-ден астам спортшы қатысты.
«Самұрық-Қазына» спартакиадасының суперфиналы қорытындысы бойынша Айсағали Сәдуақасов ерлер арасында садақ атудан 3-орынды иеленді.