Кадрлық саясат

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның кадрлық саясат саласында қызметі туралы ақпарат

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өзінің еңбек ресурстарына ерекше назар аударады. Бүгінде компанияның персонал саны 354 адам, олардың ішінде офис қызметкерлері 84 адам, Ақтөбе облысының кен орындарында 132 адам, Маңғыстау облысының кен орындарында 138 адам еңбек етеді. Олардың 231-ден астам адамы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да 10 жылдан астам жұмыс істейді, барлығы дерлік өз ісінің білікті мамандары.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлердің кәсіби дамуларына көптеген үлесін қосады. Компанияның барлық персоналы Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарына сәйкес үнемі міндетті оқуларды және жаңа технологиялар мен біліктілікті арттыру бойынша қосымша оқулар өтеді. Компания қызметкерлері семинарларға, конференцияларға жиі қатысады және көрмелерге барып тұрады.

Компания жер қойнауын пайдалану шартына сәйкес жыл сайын кәсіпорынның қазақстандық персоналын оқытуға қаржы бөледі.

Әлеуметтік жауапкершілік компания дамуының стратегиялық бағытының бірі. Әлеуметтік-еңбек қатынастарына, еңбекті қорғау мәселелеріне және жоғарыда айтылғандай кадр дайындығына әрдайым ерекше назар аударылады.