Әлеуметтік жауапкершілік

Әлеуметтік жауапкершілік – компания дамуының стратегиялық бағытының бірі

Әлеуметтік жауапкершілік ҚТМ дамуының бастапқылық бағыттарының бірі болып табылады. Компаниямен ерекше назар әлеуметтік-еңбек қатынастарына, біліктілікті арттыру, кадрды қайта даярлау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника мәселелеріне аударылады.

Жыл сайын компаниямен біліктілікті арттыруға және жұмыскерлерді қайта даярлауға қомақты қаржы бөлінеді. Соңғы бес жылда осы мақсатқа 177 528 423  теңге бөлінді, бұған 2 567 жұмыскер қайта оқытылып біліктіліктері арттылды.

ҚТМ өзінің меншік қаражаты есебінен вахта әдісімен жұмыс істейтін жұмыскерлерін қамтамасыз етеді:  

  • ұсынылған тамақтану номаларына сәйкес тамақпен;
  • жиналу пунктінен кен орнына дейін және кері жеткізуді;
  • мамандыққа орай арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен.

ҚТМ кен орындарында нормативтік талаптарға сәйкес жұмыскерлерді тұрмыстық жағдайлармен қамту үшін жабдықталған вахта ауылдары бар.

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне және 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жұмыс берушісі және Жұмыскерлері арасында қол қойылған Ұжымдық шарттың 9-тарауына сәйкес компания өзінің қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың келесі түрлерімен қамтамасыз етеді:

1) Материалдық көмек:

  • сауығу үшін ұзақтығы жылына 14 күнтізбелік күннен кем болмайтын төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына шығарда 150 АЕК мөлшерінде;
  • бала тууына/баланы асырап алуға орай - 60 АЕК;
  • қызметкердің отбасы мүшелері (әкесі, анасы, жұбайы, ұлы, қызы) қайтыс болуына орай - 100 АЕК;
  • неке қиюға орай - 30 АЕК;
  • санаторлық-курорттық емделуге - 100 АЕК;
  • Халықаралық мүгедектер күніне: жұмыскер–мүгедектерге, мүгедек балалары бар қызметкерлерге (мүгедек баланың ата-анасының біреуіне, таңдау бойынша) және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндірісінде жазатайым оқиғадан зардап шегіп, нәтижесінде мүгедектік тобы белгіленген бұрынғы жұмыскерлерге - 60 ЕАК мөлшерінде.

2) Әлеуметтік жәрдемақы және өтемақы:

  • бала 1,5 жасқа жеткенше бала күтімі бойынша демалыстағы жұмыскерлерге ай сайынғы төлемдер - 20 АЕК;
  • еңбекке қабілетсіздікті жалпы жоғалту, мүгедектікті алуға орай басқа жұмысқа ауысу мүмкіндігі болмағанда еңбек шартын бұзу барысында өтемақы - 100 АЕК;
  • жұмыскер қайтыс болуына орай жерлеуді ұйымдастыруға жұмыскердің отбасына біржолғы төлем - 100 АЕК;
  • өндірісте жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған жұмыскердің отбасына біржолғы төлем - 300 АЕК;
  • жұмыс беруші зейнет жасына жеткен жұмыскермен еңбек шартын бұзғанда өтемақы төлемін 150 АЕК мөлшерінде жүргізеді;
  • вахта әдісімен жұмыс істейтін қызметкерлерге теміржол көлігімен жүруге өтемақы шығындары Жұмыс берушінің белгіленген актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұру орындарынан жиналу орнына дейін және кері қарай жол жүру құжаттары негізінде жүргізіледі.

3) Әлеуметтік кепілдіктер:

  • ҚТМ жұмыскерлердің балаларына Қазақстан Республикасының аумағында сауықтыру лагерьлерінде 7-14 жас аралығында жолдама құны 40 АЕК аспайтын демалыс ұйымдастырады.
  • Бұдан басқа ҚТМ науқас болуға орай жұмыскерлерді және олардың отбасы мүшелерін еркін медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Бұл ретте отбасы мүшелерінің саны және олардың жастары жұмыс берушімен ҚТМ тиісті күнтізбелік жылға бюджетте қарастырылған қаражат есебімен анықталады.
  • Қосымша әлеуметтік демалыстардың келесі түрлері ұсынылады.

ҚТМ жұмыскердің өтініші негізінде еңбекасы сақталатын демалысты үш күнтізбелік күнге немесе еңбекасы сақталмайтын демалысты бес күнтізбелік күнге ұсынады:

  • неке киғанда;
  • бала туғанда;
  • жақын туыстары қайтыс болғанда.

Білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарды тапсыру, зертханалық жұмыстар орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін, іскери-оқытылған резерві дайындығының бағдарламасын өту үшін және оқу орнынан берілген құжатқа сәйкес дипломдық жобаны қорғау үшін орташа еңбекасы сақталатын оқу демалыстары ұсынылады.

Бұдан басқа, Серіктестік «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелге оқуға, тығылымдамаға жолданған қызметкерлерге жұмыс орны (лауазымы) сақталатын оқу демалыстарын ұсынады. 

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлерінің еңбек төлемі туралы ереженің 5.9.2. тармағына сәйкес ҚТМ барлық қызметкерлеріне «Наурыз» мемлекеттік мейрамына, «Мұнайгаз кешені қызметкерлері күніне», «Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесіне, ҚТМ құрылғанына мерейтолық датаға орай 50 АЕК аспайтын мөлшерде сыйақы төленеді және сыйақы еңбек төлемін үнемдеу есебінен.

Қызметкерлердің барлығына, тәртіптік жазасы барлардан басқаларға, өндіріс жоспарын толық көлемде орындау нәтижесі бойынша ай сайынғы (әкімшілік-басқару персоналға) немесе тоқсандық (өндірістік персоналға) сыйақы төленеді.