Өндірістік қызмет

Кен орындары туралы жалпы мәлімет

1. Лақтыбай кен орнының орналасуы

Лақтыбай кен орны Жарқамық күмбезі мен Примугоджар аймағының қима жолағында Каспий маңы шұңғымасының Шығыс борты шегінде, әкімшілік қатынаста – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы шегінде орналасқан (1.1 сурет).

Орографиялық қатынаста жұмыс алаңы Көкжиде құм сілемінен Орал маңы үстірті шегінде оңтүстікке қарай орналасқан. Жергілікті жердің бедері өзімен сирек жыра сайлар тармағымен босаң доңестелген жазықты қамтиды. Ұңғымалардың альтитудалары Мұғоджар тауларына қарай ұлғайып 152,5-тен 199 м дейін теңселуде.

2. Қаратөбе Оңтүстік кен орнының орналасуы

Әкімшілік қатынаста Қаратөбе Оңтүстік кен орны Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында орналасқан.

Солтүстік-шығысқа қарай 85 шақырымда жұмыс аумағынан Жаңажол кен орны бар. Кен орнынан батысқа қарай 110 шақырымда Қарауыл келді теміржол станциясы орналасқан. Ірі ең жақын елді мекен ол Жарқамыс, кен орнынан 5 шақырымда Эмба өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

3. Елемес Батыс кен орнының орналасуы

Елемес Батыс кен орны әкімшілік қатынаста Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан.

Кен орнына жақын елді мекендер - Бейнеу аудан орталығы 157 шақырым жерде оңтүстік-шығысқа қарай, Прорва кен орнының жұмысшылар ауылы 40 шақырымда оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Теңгіз мұнай кен орны 40 шақырымда солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Кен орнының аудан аумағы тұрғындары шамалы. Ең жақын теміржол станциясы Опорный, кен орынан 45 км алшақтықта шығысқа қарай орналасқан. Жол желісі кен орынан 45 шақырымда өтетін автокөлік тас жолы болуымен сипатталады.

4. Солтүстік-Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе, Шығыс Сазтөбе кен орындарының орналасуы

Солтүстік-Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе, Шығыс Сазтөбе кен орындары әкімшілік қатынаста Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан. Сазтөбе алаңының жұмыс аумағы Каспий маңы шұңғымасының оңтүстік-шығыс борт аймағында орналасқан.