Еңбекті қорғау қауіпсіздігі

Еңбектіқорғау, қауіпсізідік техника және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мақсаттары мен саясаты

Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы Е, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің негізгі мақсаттары келесіде:

– Серіктестіктің қызметкерлерімен «ҚР Еңбек кодексінің», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары, сондай-ақ еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитарлық гигиена және өрт қауіпсіздігі бойынша белгіленген қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылау;

– Өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту және емдеу-алдын алу кешенді шараларды өңдеу және іске асыру;

– Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бөлігінде өндірістік учаскілерде нормативтік құжаттарды өңдеуде қатысу;

– Серіктестіктің кен орнын пайдалану кезінде еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылаушы органдармен шұғыл консультативті байланысты іске асыру;

– Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды, қызметкерлермен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілер сақталуына бақылауды іске асыру.

– Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі саласында қызметтің саясаты келесі қағидалармен негізделеді:

– Еңбекті қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы заңнаманы сақтау;

– Барлық оқиғаларды міндетті тергеу;

– Өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша персоналды оқыту жүйесін жетілдіру.

Еңбекті қорғаудың жағдайы

Жыл сайын еңбекті қорғау саласындағы талаптарды орындау үшін денсаулық қорғау құралдары, дәрі-дәрмек, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғаныс құралдары, белгілер, плакаттар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормативтік әдебиет пен көрнекі құралдар сатып алынады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық (алдын алу) шаралар жүргізіледі. Жыл сайын қызметкерлер медициналық тексерістен өтеді және оларға тұмауға қарсы вакцинация жасалады. Кәсіптің объектілеріне дератизация, дезинсекция және дезинфекция бойынша шаралар жүргізіледі. Серіктестіктің қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында еркін медициналық сақтандыру жасау үшін қажет қаражат бөлінеді.

Бірінші медициналық көмек көрсету үшін медпункт қызмет жасайды (өндірістік объектілер медициналық қорапшалармен жабдықталған). Дәрігерлермен денсаулық сақтау саласында нормативтік актілердің талаптарына сәйкес күн сайын жұмыскерлердің денсаулық жағдайына ауысым алды медициналық байқау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін орындау аясында сақтандыру бөлігінде:

– жұмыскермен еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару барысында оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен;

– үшінші тұлғаларға зардап келтіру қауіпімен байланысты қызмет объектілерінің иелерін ГПО міндетті сақтандырумен;

– міндетті экологиялық сақтандырумен қамтамасыз етіледі;

– жыл сайын Серіктестіктің жұмыскерлерін медициналық сақтандыруға шарт жасалады.

Серіктестікте еңбек шарттары, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жағдайларын тексеру бойынша Үнемі әрекеттегі комиссия (ҮӘК) құрылды және әрекет етеді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес Серіктестіктің үнемі әрекеттегі комиссиясымен еңбек шарттары және қауіпсіздік техника жағдайларын тексеру кәсіп объектілерінде тоқсанына бір мәртеден кем жасалмайды. Тексеріс қорытындысы бойынша Акті толтырылады және анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым беріледі.

Бақылаудың бірінші және екінші деңгейлері бойынша (бірінші деңгей – күнделікті тікелей жұмыс жетекшісімен, екінші деңгей – вахта ағымында бір мәртеден кем емес цех жетекшісімен) тексерістер күнделікті және апта сайын жүргізіледі. Анықталған бұзушылықтар вахта ауысымының күштерімен жойылады.

Кәсіп жұмыскерлері жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын және жұмыс учаскілерінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері мен нормалары жұмыскерлермен сақталуына қатаң бақылауды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілген. Нұсқамаларға сәйкес қайтадан қабылданған жұмыскерлер қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама өтеді, сондай-ақ жұмыс орындарында жоспарлы нұсқамалар өткізіледі.

Кәсіп ұызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру үшін, сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жасауға рұқсат алу үшін қызметпен Серіктестіктің жұмыскерлерінің білімдерін тексерумен қауіпті өндірістік объектілердің жұмыскерлерін жыл сайын оқыту бағдарламасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша Серіктестіктің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Серіктестікте салауатты өмір салты белсенді енгізіліп насихатталуда. Вахта ауылында футбол, волейбол, баскетбол үшін ойын алаңы мен спорт кешені,бильярд пен теннис ойындары үшін бөлме бар. Спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі.

2016 жылдың шілдесінде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС командасы «ҚазМұнайГаз» АҚ компания тобының 9 командалары арасында спартакиадаға қатысып, шахматшылар арасында бірінші орын, әйелдер арасында үстел теннисі бойынша бірінші орын, шағын-футболдан екінші орын алды.

Пайдалану мерзімінде өндірісте жазатайым оқиғалар, апаттар, жол-көліктік оқиғалар тіркелмеген. Барлық жұмыскерлер «Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметкерлерін арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен тегін қамту тәртібі туралы» салалық нормаларға сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған.

Бүгінгі таңда Серіктестіктің өндірістік персоналы апатсыз жұмысты қамтамасыз етуге қабілетті және қалыпсыз жағдайларда әрекет жасауға дайын және өз қызметінің келешегінде әр жұмыс орнында, әр өндірістік объектіде жұмыскерлерді басқармаға және қауіпсіз жұмыс өндірісі ұйымына тартып қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ниеттелген 100% қазақстандық білікті мамандардан тұрады.