Үздік еңбеккерлер марапатталды

Олардың ішінде үстіміздегі жылы зейнеткерлікке шыққалы отырған аға мұнайшыларды атап өтуге болады: бұрғылау және ҰКАЖ бөлімінің бастығы Серік Мұханбединұлы Нұрбергеновке ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, №2 мұнай-газ өндіру цехының жетекші БӨА және А инженері Нұрлыбек Мадекешұлы Мадекешовке «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ-ның Естелік белгісі табысталды.

Өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары Багыт Нұрсұлтанұлы Раханов ҚР Энергетика министрлігінің Алғыс хатын алды.

Ал, №1 мұнай-газ өндіру цехының көлік жүргізушісі Серікбай Садуақасұлы Қайржанов ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасына, осы цехтың 1-дәрежелі механигі Жалғасов Бақытжан Абайұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасына лайық деп танылды.  

Сонымен қатар қызметкерлерге Ақтөбе облысының әкімі мен облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттары табысталды. Атап айтар болсақ, №2 мұнай-газ өндіру цехының мұнай, газ және конденсат өндіру жөніндегі ауысым бастығы Аслан Серғалиұлы Қазкенов пен №3 ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу цехының ұңғымаларды жөндеу шебері Самат Іздегенұлы Махамбетовке Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты берілді.

№1 мұнай-газ өндіру цехының технологиялық қондырғылар операторы Мәди Сәрсенғалиұлы Адрахманов, №2 мұнай-газ өндіру цехының мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Айболат Жұбанышұлы Ахметов, №3 ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу цехының ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысы Тимур Арқалықұлы Жамиков Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

Тізімге оралу