Үздік геологтар

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Т. Исаев ұжымды Геолог күнімен құттықтап, үздік геологтарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның құрмет грамотасын табыстады.

Бас директор Т. Исаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтай келе шығармашылық табыс, деннің саулығы және отбасының амандығын тіледі. Серіктестікте ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан геологтар Өтебаев Нұрадин мен Жолай Берік ұлттық компанияның құрмет грамотасына лайық деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, Геолог күні жыл сайын сәуір айының алғашқы жексенбісінде тойланып келеді.

Тізімге оралу