СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (бұдан әрі – ҚТМ) бас директорының 14.07.2022ж. күнгі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларын тиімді іске асыру туралы» бұйрығына, сондай-ақ «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) туралы хат негізінде ҚТМ ұжымымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департамент ұсынған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы айтылды, сондай-ақ Комплаенс-офицердің ҚТМ-де жүзеге асырылып жатқан комплаенс мәдениеті туралы баяндамасы тыңдалды.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстарына сүйене отырып үнемі жетілдіріліп отырады.

Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру арқылы қамтамасыз етілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауатану арқылы және оның кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы азаматтық қоғам белсенді түрде тартылуда.

Бүгінгі таңда ҚТМ ұжымы сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген фактілеріне «нөлдік төзімділікке» өз бейілділігін білдіреді. ҚТМ тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мүдделер қақтығысын анықтау туралы ережелерді енгізу сияқты бірқатар шаралар қабылданды. Бос лауазымдарға үміткерлерді тексеру, контрагенттерді және сатып алуға қатысушыларды тексеру. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген фактілері бойынша жүгінулер үшін жедел желі телефоны енгізілді. Комплаенс мәдениетті қолдау бойынша жұмысты тек комплаенс-офицер ғана емес, ҚТМ жоғары басшылығынан бастап барлық қызметкерлер де тұрақты негізде жүргізеді.

Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ ҚТМ жергілікті актілерін бұзудың салдары туралы түсіндірілді.

Кездесуді қорытындылай келе, ҚТМ ұжымы ұсынылған материал үшін Департамент басшылығына алғысын білдірді. Комплаенс-офицер туындаған мәселелерді шешу мақсатында ынтымақтастыққа ашық және дайын екендігін хабарлады.

Тізімге оралу