ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас дирекциясында кәсіпорынның кен орындарында жұмыс жасайтын мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Жиналысты «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның бас директоры Алмас Хамзин ашты. Ол өз сөзінде мердігер ұйымдар өкілдерінің өндіріс қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауының маңызды екеніне тоқталды.

«Біздің басты мақсатымыз – ұйымымызға тиесілі аумақтағы барлық жұмыскерлер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Алмас Хамзин.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Жасұлан Ербөлеков «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының басқа нысандарында болған жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлар туралы ақпарат берді. Ол сонымен қатар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін алынып жатқан шараларды талқылап, мердігер ұйымдарды өз жұмыскерлерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге және өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Тізімге оралу