ОҢТҮСТІК ҚАРАТӨБЕ МҰНАЙ КЕН ОРНЫН ИГЕРУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Оңтүстік Қаратөбе мұнай кен орнын игеру жөніндегі лицензиясы мерзімін келесі 25 жылға ұзартты.

Кәсіпорын тарапынан Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында орналасқан Оңтүстік Қаратөбе кен орнында мұнай өндіру жұмыстарын жүзеге асыруға құқық беретін, 1999 жылдың 18 мамырында қол қойылған Оңтүстік Қаратөбе мұнай кен орнында көмірсутегі шикізатын қосымша барлау және өндіру туралы Келісім-шарт пен сериясы МГ №307 (мұнай) лицензиясының (әрі қарай Келісім-шарт) мерзімі 2022 жылдың 25 желтоқсанына дейін белгіленген болатын. Осыған байланысты тиісті рәсімдеу жұмыстары жасалып, нәтижесінде ағымдағы жылдың 26 тамызында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мен Құзіретті орган (ҚР Энергетика министрлігі) арасында Келісім-шарт мерзімін келесі 25 жылға ұзартуды (2047 жылдың 26 желтоқсанына дейін) қарастыратын Келісім-шарттың №1 Қосымшасына қол қойылды.

Сонымен қатар кәсіпорын 2022 жылдың 25 қарашасында №22022076 «Көмірсутегі саласындағы жұмыс және қызмет түрлері лицензиясын» алды. Жаңа лицензияға сәйкес, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өз кен орындарында келесі жұмыс түрлерін мемлекеттік бақылау органдарынан қосымша рұқсаттар рәсімдемей жүзеге асыра алады:

- көмірсутегін барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, сынау, игеру, байқап көру, консервациялау және жою жұмыстары;

- көмірсутегін барлау және өндіру кезінде мұнайлы қабаттардан мұнай шығаруды арттыру және ұңғымалардың өнімділігін көбейту жұмыстары;

- көмірсутегін барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.

Тізімге оралу