Түркістанда өткен «Самұрық-Қазына» АҚ жастар форумы Қор тобының жас мамандары мен жұмысшы мамандықтары өкілдері үшін маңызды оқиға болды. Іс-шараға әртүрлі салалар мен бағыттар атынан 150 адам қатысты және Қазақстан Президенті жария еткен «2025 - жұмысшы мамандықтар жылына" дайындалудағы маңызды қадам болды.
Форумның мақсаты – тиімді коммуникацияларды дамыту және жас мамандар арасында корпоративтік рухты нығайту. Форумға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, «Самұрық-Қазына» тобы құрамындағы басқа компаниялардың жұмысы туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, аймақтың тарихына үңілді.
Бағдарламаның маңызды бөлігі «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Гибрат Ауғановтың сөз сөйлеуі болды. Ол форум қатысушыларына сұрақтар қоюға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бере отырып, сұрақтар мен жауаптар сессиясын өткізді.
Сондай-ақ, форумға «Қазақтүрікмұнай» ЖШС атынан жастар кеңесінің төрағасы, материалдық-техникалық жабдықтау және қойма шаруашылығы бөлімінің маманы Жағапар Бекарыс қатысты. Форум тек қарым-қатынас алаңына ғана емес, сонымен қатар Қор аясында жас мамандардың мықты желісін құру бағытындағы қадамға айналды.