«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да комплаенс

Комплаенс деген не? Комплаенс деген кезде ұйымдағы басқару/бақылау жүйесінің комплаенс-тәуекелдерге (заңнаманың, нормативті құжаттардың, қадағалау ұйымдарының ережелері мен стандарттарының, салалық қауымдастықтар мен өзін өзі реттеуші ұйымдардың, мінез құлық кодекстерінің және т.б. талаптарының сақталмауы) байланысты бөлігі ойға келеді. Комплаенс-тәуекелдер комплаенс саласында заңдарға, ережелерге және стандарттарға сәйкес келмеуінің салдарынан құқықтық санкциялардың берілуі немесе реттеуші органдар тарапынан санкциялар тағайындалуы және қаржылық немесе репутациялық шығындардың туындауы түрінде байқалады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңының 16-ба бойынша, квазимемлекеттік сектордың субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімді тағайындайды. Серіктестіктің Бақылау кеңесінің 30.04.2021 жылғы шешімімен Серіктестіктің жаңа Ұйым құрылымында жаңа Комплаенс офицері деген бірлік пайда болды. Тәуелсіз болуы үшін комплаенс-офицері тікелей ҚТМ Бақылау кеңесіне есеп береді.

ҚТМ-дағы комплаенстің негізгі бағыттары:

- Құжаттарды дайындау және енгізу;

- Мүделлер қақтығысын болдырмау;

- Сыбайлас жемқорлық шектеулерінің сақталуын қамтамасыз ету;

- Комплаенс мәдениетін қалыптастыру;

- Түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Жедел желіні жұмыс істеткізу;

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі сараптамасы.

ҚТМ-да жүзеге асыру

Атауы

Жасалатын жұмыстар

Құжаттарды дайындау және енгізу

Тұрақты түрде

Мүделлер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық шектеулерінің сақталуын қамтамасыз ету

ҚТМ қызметкерлері мүдделер қақтығысының жоқ екені туралы декларацияға қол қояды

Комплаенс мәдениетін қалыптастыру

Тиісті іс шаралар жүргізіледі

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты түрде

Жедел желіні жұмыс істеткізу

Корпоративті сайтта телефон мен мекен жай орналастырылған

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі сараптамасы

Корпоративті сайтта телефон мен мекен жай орналастырылған

ҚТМ-ның кез келген қызметкері мәселе туындаған жағдайда комплаенс-офицерге жүгіне алады. Барлық шағымдар қаралады. Талқылау кезінде шағымданушының тәуелсіздігі мен құпиялылығының сақталуына кепілдік беріледі. 

Тізімге оралу