Биыл Наурызнама мерекесі терең мағынаға ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылы бекітілген жаңа Наурызнама форматы Ұлыстың үлы күні - Наурызды көпкүндік және мәдени оқиғаларға толы мерекеге айналдырды.
Наурызнама – Ұлы дала дәстүрлерінің жаңғыруы. Онкүндіктің әр күні жеке тақырыпқа арналды: көрісу, ізгі тілектер айту, қайырымдылық жасау, отбасы, ұлттық киім, жаңару, бірлік және спорт күндері.
Наурызнаманың алғашқы күні 14 наурызда кәсіпорын ұжымы Амал күнін атап өтті. Таңертең жұмысқа келген қызметкерлер бір-бірімен құшақтасып, төс түйістіріп амандасып, Жаңа жылға тілектерін білдірді. Қонаққа келген өнерпаздардың ұлттық аспабымыз домбырамен орындаған ән-күйлері мереке сәнін арттыра түсті.
15 наурызда «Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығы» берген тізім бойынша, әлеуметтік жағынан осал 10 отбасыға «Қазақтүрікмұнай» ЖШС атынан азық-түлік пакеті таратылады.
16 наурыз «Шаңырақ күнінде» әрбір қызметкер өз отбасында ұлттық тағамдар бар дастархан жайып, бала-шағасына ұлттық құндылықтарды насихаттады.
17 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде» «Тапқырлар» ойыны өткізілді.
Ал 18 наурыз «Ұлттық киім күні» деп аталып, офисте ұлттық киімдер дефилесі өткізілді. Дефиле қорытындысы бойынша, «Саф башқұрт қызы» номинациясы бойынша Лилия Накиповна АГИШЕВА, «Қазақ аруы» номинациясы бойынша Найля Атымбекқызы АНАФИНА, «Ерке сылқым» номинациясы бойынша Фариза Мамайқызы САПАРОВА, «Бұрымды ару» номинациясы бойынша Махаббат Букембайқызы УРДАБАЕВА, «Инабатты келін» номинациясы бойынша Дурия Карабаевна ТАНБЕТОВА, «Жігіт сұлтаны» номинациясы бойынша Әзілхан БАУЫРЖАНҰЛЫ жеңімпаз атанды.
«Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген 20 наурызда кеңсе қызметкерлері арқан тарту, асық ату және гір тасын көтеруден өзара сайысқа түсті. Гір тасын көтеру бойынша құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы Ерік Алимов бас жүлдені жеңіп алды. Асық ату жарысында адами ресурстарды басқару бөлімінің маманы Ренат Жабағин елден ерекшеленді. Арқан тарту сайысында Сәлменов Д., Қуатұлы С., Қуан Б., Бауыржанұлы Ә., Орынбасар М. құралған 3-қабаттың сол жақ қанатында орналасқан бөлімдердің жігіттері ешкімге дес бермеді.
Жыл басы 22 наурызда Ақтөбе қаласының Қобылан батыр атындағы орталық стадионы алдында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС атынан киіз үй тігіліп, мереке қонақтарына Наурыз көже мен бауырсақ таратылады. Киіз үйде мерекелік шара өткізіледі. Кен орындарында да Наурыз мерекесі шаралары ұйымдастырылады.
Наурызнаманың соңғы күнінде Серіктестіктің кен орындарында тазалық сенбілігі өткізілді.