КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Талғат Исаев жоғарғы мемлекеттік марапат «Құрмет» орденін алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысы әкімдігінде өткен салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен әріптестікті нығайтуға елеулі үлес қосып, қоғамдық қызметке белсене араласқаны үшін облысымыздың бірқатар азаматына жоғарғы мемлекеттік марапаттар табыс етілді. Олардың арасында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Талғат Исаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Марапаттарды табыс еткен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин:
-Бұл марапаттар Ақтөбе облысының мемлекетіміздің қалыптасуы мен нығаюына сүбелі үлес қосқанының куәсі. Мен үшін бүгін осы марапаттарды мемлекет басшысы атынан табыстау үлкен құрмет. Ақтөбеліктерді басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!, - деді.

Тізімге оралу