Ауаның жағдайы тұрақты бақылауда

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Оңтүстік Қаратөбе кен орнында ауа жағдайының мониторингін жасау жөніндегі автоматтандырылған бекет жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңдай толықтай жұмыс режимінде тұрған автоматтандырылған монтиоринг бекетін қондыру жұмыстары 2020 жылы аяқталған еді.

Автоматты мониторинг жүйесі ауаның гигиеналық нормативтерге сәйкестігін қадағалауға арналған. Бұл жүйенің көмегімен санитарлық-қорғау және тұрғын аумақтары шекарасындағы ауаның құрамында ластаушы заттардың бар жоқтығы тұрақты түрде қадағаланбақшы.

Автоматты мониторинг жүйесі жылдың әр түрлі мезгілдеріне қарамастан тұрақты түрде жұмыс жасап тұру үшін қажет барлық аспаптармен жабдықталған.

Бұл жоба Қазақстан Репсубликасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеуді бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасында қол қойылған Әріптестік туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Тізімге оралу