«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (бұдан әрі – ҚТМ) корпоративтік басқарудың озық стандарттарына ұмтылады. ҚТМ әрқашан ҚТМ бас директорының 11.03.2020ж. күнгі №131 бұйрығымен бекітілген ҚТМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ережесінде қабылданған құндылықтарға, қағидаттар мен мінез-құлық стандарттарына негіздей отырып қызметін жүргізеді және парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділікті ұстанады.
ҚТМ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы, сондай-ақ мүдделер қақтығысын анықтау туралы хабарлайды.
Мақсаты – олардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттердің алдын алу.
ҚТМ-нің барлық қызметкерлері мүдделер қақтығысының бар-жоғын уақтылы декларациялауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлауға міндетті. ҚТМ өз қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық фактілеріне мүлдем төзбеуге шақырады.
ҚТМ мінез-құлық қағидаттары мен стандарттарын бұзуға қатысты тәуекелдерді басқару үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының және ЭЫДҰ (OECD) басшылығының сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі талаптарының сақталуы үшін бастамашылық ақпараттандыру туралы Ережені қабылдады және енгізді.
Осыған байланысты ҚТМ өз қызметкерлерінен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ережені, сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа және парақорлыққа және өзге де бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі талаптарды сақтамау туралы өз алаңдаушылығын білдіруге ұмтылысын көтермелейді. Осы Ережеге сәйкес бұзушылықтар туралы хабарлаған қызметкерлер мен өзге де қауымдасқан адамдар қандай да бір теріс қарауға немесе қандай да бір түрде жазаға тартылмайды. Қызметкерлерге жұмыс орнын сақтауды қоса алғанда, құқықтары мен мүдделері толық қорғалады. Сонымен бірге, теріс пиғылды әрекет ететін немесе жеке пайда алу мақсатында және/немесе зиянды пиғылмен айып тағатын қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
Әркімнің жазбаша немесе ауызша өтініш жіберуге құқығы бар:
Жүгіну мекен-жайы: