ЖАС МАМАНДАР «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

23 тамызда ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері мерекесі қарсаңында Астана қаласында «ҚазмұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында қызмет ететін жас мамандардың компания басшылығымен кездесуі өтті. Бұл шараға «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жастар кеңесінің төрағасы Бекарыс Жағапар да қатысты.

Іс-шараны ашқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов компанияның дамуы жолында Жастар кеңесінің маңызына тоқталып, таяу жылдарда қол жеткізілуі тиіс басты мақсаттарды атап өтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар саясатын дамытудың маңыздылығын бірнеше мәрте атап өтті. Біздің мақсатымыз – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, әрбір жас маманның өз әлеуетін ашуы және үлкен жетістіктеріге жетуіне мүмкіндік беретін ынталандырушы ортаны қалыптастыру», - деді ол өз сөзінде.

Стратегиялық сессия кезінде жас мамандар еліміздің мұнай саласының жетекші өкілдерімен кездесу мүмкіндігіне ие болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ұзақбай Қарабалин, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Исқазиев және мұнай-газ кешенінің ардагері Төлеген Хасанов өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның мұнай саласының дамуы және бұл жолда туындаған қиындықтар туралы баяндады.

Іс-шара жылы және сындарлы атмосферада өтті, сонымен қатар білім алмасуға және практикалық тәжірибеге ықпал етті.

Тізімге оралу