Ұжымдық шарт

"Қазақтүрікмұнай" ЖШС 2018-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шарты.

Әлеуметтік жауапкершілік ҚТМ дамуының стратегиялық бағытының бірі болып табылады. Ерекше назар әлеуметтік-еңбек қатынастарына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника мәселелеріне аударылады.

ҚТМ өз қаражыты есебінен ұсынылған тамақтану нормаларына сәйкес кен орындарында жұмыскерлердің тамақтануын ұйымдастырады.

ҚТМ есебінен жұмыскерлерді жинау пунктінен кен орнына дейін және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етеді.

ҚТМ барлық қызметкерлері мамандыққа орай арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен қамтылған.

ҚТМ кен орындарында жұмыскерлер үшін барлық тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларымен вахта ауылдары бар.

2015 жылы«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесі» бекітілді.

Осыған орай компанияда әлеуметтік пакет айтарлықтай ұлғайды.

ҚТМ 2015 жылдан бастап жұмыскерлердің балаларына Қазақстан Республикасының аумағында сауықтыру лагерьлерінде 7-14 жас аралығында жолдама құны40 АЕКаспайтын демалыспен қамтиды. Бір балаға ҚТМ бюджет қаражатынан сомасы 40 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі.

Қызметкерге бала тууына, баланы асырап алуға орай үш күнтізбелік күнге төленетін демалыс ұсынылады және бір балаға 60 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді.

Қызметкерге отбасы мүшелері қайтыс болуына орай үш күнтізбелік күнге төленетін демалыс ұсынылады және 100 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Қызметкерге неке қиюына орай бес күнтізбелік күнге төленетін демалыс ұсынылады және сомасы 30 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді.

Қызметкерге жүктілігі және бала тууына орай демалыс ұсынылады, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс орташа еңбекақысы сақталып, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылған жүктілігі және бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға орай кірістен айырылған жағдайда әлеуметтік сома шегеріліп төленеді.

Алғашқы рет 2015 жылдан бастап ҚТМ бала бір жарым жасқа жеткенше бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлерге 20 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлем жүргізеді.

Өндірісте жазатайым оқиға, кәсіптік ауру, мүгедектік белгілеу салдарынан қызметкермен өзінің өтініші негізінде еңбек шарты бұзылғанда, қызметкерге үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

Қызметкер қайтыс болған жағдайда ҚТМ отбасы мүшелерінің біреуінің, егер ондайлар болмағанда, жерлеуді өзіне алған тұлғаның өтініші негізінде 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемді іске асырады.

Өндірісте жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған қызметкердің отбасына ҚТМ қызметкерін өлімге әкеп соқтырған өндірістегі жазатайым оқиға туралы акті немесе қорытынды негізінде 300 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі.

ҚТМ қызметкерлердің балаларын до 14 жасқа дейін (қосқанда) жаңажылдық сыйлықтармен қамтиды.

Мүгедектер күніне – мүгедек-жұмыскерге және/немесе мүгедек балалары бар қызметкерлерге компания жоғары аталған тұлғаларға 60 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем жүргізеді.

Тараптардың ешқайсысы жаңа ұжымдық шартқа қол қою туралы ұсыныс бермегені үшін, қолданыстағы ұжымдық шарт автоматты түрде 2025 жылға ұзартылды.

Компания науқастану жағдайына 54 893 808 теңге сомасына қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыру шартына қол қойды, оның талаптарына сәйкес медициналық карточка бойынша қызметкер мен оның отбасы мүшелері үздік өңірлік клиникаларда медициналық қызмет, стоматологиялық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді алды.

Қызметкерлердің сақтандырылған отбасы мүшелерінің санын көбейту туралы тілектері ескерілді және қазір қызметкер отбасының 5 мүшесіне дейін сақтандыруға құқылы.