Әлеуметтік жауапкершілік

Әлеуметтік жауапкершілік – компания дамуының стратегиялық бағыттарының бірі.

Әлеуметтік жауапкершілік ҚТМ дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Компания әлеуметтік-еңбек қатынастарына, біліктілікті арттыру, кадрды қайта даярлау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника мәселелеріне ерекше назар аударады.

Жыл сайын компания тарапынан біліктілікті арттыруға және жұмыскерлерді қайта даярлауға қомақты қаржы бөлінеді.

ҚТМ өз қаражаты есебінен вахта әдісімен жұмыс істейтін жұмыскерлерін төмендегілермен қамтамасыз етеді: 

· ұсынылған тамақтану номаларына сәйкес, тамақпен;

· жиналу пунктінен кен орнына дейін апару және кері қарай әкелу;

· мамандық ерекшеліктеріне қарай арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен;

· жуу және дезинфекциялау құралдарымен.

Жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту.

КТМ кен орындарында жұмыскерлерді нормативтік талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін абаттандырылған вахталық кенттер бар. Оңтүстік Қаратөбе және Лактыбай кен орындарында заманауи стандарттарға сәйкес келетін және барлық қажетті заттармен және атрибуттармен, соның ішінде асхана, спорт залдары және алаңдармен жабдықталған жаңа вахталық қалашықтар салынды.

Нәтижесінде жұмысшылар жұмыстан бос уақыттарын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайта алады.

Компания жыл сайын әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді ағымдағы жөндеу, салу бойынша жұмыстарды орындайды. Вахталық кенттерде, серіктестіктің кен орындарында тұру жағдайларын жақсарту бойынша 5 жылдық іс-шаралар жоспары жасалды.

2024 жылы С. Ш. Сазтөбе кен орнындағы вахта кентінде ашық футбол және workout алаңдары салынды.

Б.Елемес кен орнында 2 медициналық пункт-вагоны, 2 тұрғын-жай вагоны және С. Ш. Сазтөбе кен орнында 4 тұрғын-жай вагонының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аумақтары абаттандырылды.

2025 жылы Б. Елемес кен орны вахталық кентінің ҰКЖ блогында жөндеу жұмыстарын жүргізу, О. Қаратөбе және Лақтыбай вахталық кенттерінде ғимараттардың суағар жүйелерін монтаждау жұмыстары жоспарланып отыр.

Үнемделген қаражат есебінен Б. Елемес және Опорная МТБ вахта кенттерінде жабық спорт залдарын салу жоспарлануда.

Серіктестіктің кен орындарында вахталық кенттерде тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі 5 жылдық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2025 жылы жалпы сомасы 110 млн. теңгеге тұрмыстық жабдықтар мен жиһаздар, сондай-ақ ванна бөлмелері бар душ пен кір жуатын вагондар сатып алу жоспарлануда.

1) Материалдық көмек:

сауығу үшін ұзақтығы жылына 14 күнтізбелік күннен кем болмайтын төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына шығарда 150 АЕК мөлшерінде;

бала тууына/баланы асырап алуға орай - 60 АЕК;

қызметкердің отбасы мүшелері (әкесі, анасы, жұбайы, ұлы, қызы) қайтыс болуына орай - 100 АЕК;

неке қиюға орай - 30 АЕК;

санаторлық-курорттық емделуге - 100 АЕК;

Халықаралық мүгедектер күніне: жұмыскер–мүгедектерге, мүгедек балалары немесе жұбайы  бар қызметкерлерге (мүгедек баланың ата-анасының біреуіне, таңдау бойынша) және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндірісінде жазатайым оқиғадан зардап шегіп, нәтижесінде мүгедектік тобы белгіленген бұрынғы жұмыскерлерге - 60 ЕАК мөлшерінде.

2) Әлеуметтік жәрдемақы және өтемақы:

бала 1,5 жасқа жеткенше бала күтімі бойынша демалыстағы жұмыскерлерге ай сайынғы төлемдер - 20 АЕК;

еңбекке қабілетсіздікті жалпы жоғалту, мүгедектікті алуға орай басқа жұмысқа ауысу мүмкіндігі болмағанда еңбек шартын бұзу барысында өтемақы - 100 АЕК;

жұмыскер қайтыс болуына орай жерлеуді ұйымдастыруға жұмыскердің отбасына біржолғы төлем - 100 АЕК;

өндірісте жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған жұмыскердің отбасына біржолғы төлем - 300 АЕК;

жұмыс беруші зейнет жасына жеткен жұмыскермен еңбек шартын бұзғанда өтемақы төлемін 150 АЕК мөлшерінде жүргізеді;

жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шарты бұзу кезінде 150 АЕК мөлшерінде өтемақы төлемдерін жүргізеді;

мекемеде ең аз 15 жыл қызмет етіп, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-інен зейнетке шыққан зейнеткерлерге «Мұнай-Газ Кешені қызметкерлері» күніне орай 50 АЕК мөлшерінде сыйақы төленеді;

вахта әдісімен жұмыс істейтін қызметкерлерге теміржол көлігімен жүруге өтемақы шығындары Жұмыс берушінің белгіленген актілеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты мекен-жайынан жиналу орнына дейін және кері қарай жол жүру құжаттары негізінде төленеді.

3) Әлеуметтік кепілдіктер:

ҚТМ жұмыскерлердің балаларына Қазақстан Республикасының аумағында сауықтыру лагерьлерінде 7-14 жас аралығында балаларына 40 АЕК мөлшерінде жолдама құнын төлейді.

ҚТМ тиісті күнтізбелік жылға бюджетте қарастырылған қаражат есебі мөлшерінде қызметкерлерге жылда бір рет дене шынықтыру – сауықтандыру, жүзу немесе басқа да спорт кешендеріне бару  үшін төлеген қаражат сол жылғы Бас директордың бюджет бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде мекеме тарапынан қайтарылады.

Бұдан басқа ҚТМ жұмыскерлерді және олардың отбасы мүшелерін ауырған жағдайда емделуі үшін еркін медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Бұл ретте отбасы мүшелерінің саны және олардың жастары жұмыс берушімен ҚТМ тиісті күнтізбелік жылға бюджетте қарастырылған қаражат есепке алынып анықталады.

Қосымша әлеуметтік демалыстардың келесі түрлері ұсынылады:

1. ҚТМ жұмыскердің өтініші негізінде еңбекасы сақталатын демалысты үш күнтізбелік күнге немесе еңбекасы сақталмайтын демалысты бес күнтізбелік күнге ұсынады:

  • неке киғанда;
  • бала туғанда;
  • жақын туыстары қайтыс болғанда.

2. Білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарды тапсыру, зертханалық жұмыстар орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін, іскери-оқытылған резерві дайындығының бағдарламасын өту үшін және оқу орнынан берілген құжатқа сәйкес дипломдық жобаны қорғау үшін орташа еңбекасы сақталатын оқу демалыстары ұсынылады.

3. Серіктестік «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелге оқуға, тығылымдамаға жолданған қызметкерлерге жұмыс орны (лауазымы) сақталатын оқу демалыстарын ұсынады.

"Қазақтүрікмұнай" ЖШС қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы ереженің 5.9.2-тармағына сәйкес, ҚТМ барлық қызметкерлеріне "Наурыз" мемлекеттік мерекесіне, Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне, "Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесіне, ҚТМ құрылуының мерейтойлық күндеріне, сондай-ақ еңбекақы төлеуді үнемдеу есебінен 50 АЕК-тен аспайтын мөлшерде сыйлықақы төленеді.

"Қазақтүрікмұнай" ЖШС қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы Ережеде белгіленген мөлшерде және мерзімдерде өндіріс жоспарын толық көлемде орындау нәтижелері бойынша барлық қызметкерлерге (тәртіптік жазасы бар қызметкерлерден басқа) ай сайынғы (әкімшілік-басқару персоналы үшін) немесе тоқсан сайынғы (өндірістік персонал үшін) сыйлықақылар төленеді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қатысу.

Келісімшарттардың талаптарына сәйкес, келісімшарт қолданыста болған мерзімнің ішінде жер қойнауын пайдаланушы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жергілікті атқарушы органның бюджетіне аударымдар жүргізеді.

Бұдан басқа, компания 2023 жылғы 13 маусымда Ақтөбе облысының әкімдігімен жасалған Меморандумға сәйкес, 10 жыл ішінде жыл сайын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын 100 миллион теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды жүргізеді.

Сондай-ақ, Жер қойнауы туралы Заңның 76-бабы, 1-тармағы, 12-1) тармақшасына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық өткен жылдың қорытындысы бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жыл сайын қаржыландыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2024 жылы жоғарғы оқу орнында оқитын 39 студенттің оқу қаржысын төлеуге қаржылай қолдау көрсетті.

«Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 129-бабының 1-тармағына және ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің 17.05.2018 жылғы № 211, ҚР Энергетика министрлігінің 15.05.2018 жылғы № 185 бұйрықтарымен бекітілген «Жер қойнауын пайдаланушы тарапынан көмірсутегі және (немесе) уран өндіру кезеңінде өткен жылдың қорытындылары бойынша өндіру үшін жұмсалған шығындардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық мамандарды даярлауды қаржыландыру ережелерінің» 6-тармағының 3- тармақшасы және 9-тармағына сәйкес, Серіктестік 2024 жылы Ақтөбе облысында әлеуметтік түрғыдан әлсіз топқа жататын отбасылардан шыққан 39 шәкірттің оқу ақысын төлеп берді.

2024 жылы аталған студенттерді оқуын қаржыландыру үшін Серіктестік 38 млн. теңге қаржы бөлді.