ҚОҚ мәселелрі бойынша байланыс телефондары
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету «Қазақтүрікмұнай» ЖШС дамуының негізгі басымдылығы болып табылады.
Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстар барлық «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарына жетекші құжат болатын ЕТП және ЕСУОТ талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Саланың ішікі Қағидасының барлық талаптары сақталады. Нұсқамалар мен оқу-жаттығу сабақтарының барлық түрлерін өткізу мерзімділігі қатаң сақталады.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС жағдайларды және еңбекті қорғауды жақсарту жоспарлары мен бағдарламалары жыл сайын өңделеді. Кешенді және мақсатты тексерістердің нәтижелері бойынша жұмыс қауіпсіздігін арттыру және жарақаттанудың алдын алу шаралары өңделіп іске асырылуда.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС жарақаттану көрсеткіштері «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қабылдаған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша басшылыққа алынатын құжаттардың саясаты мен жүйесі қаншалықты тиімді әсер ететінін көрсетеді.
Халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және әлеуметтік-бағытталған компания статусын арттыру мақсатында халықаралық тәжірибеде қабылданып табысты қолданылатын, жарақат пен кәсіптік аурулардан жұмыскерлерді қорғауға бағытталған кәсіпорында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару бойынша бірыңғай тиімді әдістер енгізілді.
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында компанияның негізгі мақсаттарының бірі жұмыскерлердің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, құнды активтердің шығынын болдырмау және оларды сақтау, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС беделі мен абыройын арттыру үшін «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жарақаттану мен апаттардың нөлдік деңгейін сақтап қалу болып табылады.