«Газпоршеньді генераторлық қондырғыларды» өткізу туралы хабарландыру

Аукцион нөмірі:  №464613

Объектінің сипаттамасы

Газпоршеньді генераторлық қондырғылар, объектінің түрі: машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары. Техникалық сипаттамаларына сәйкес электр және жылу энергиясын өндіруге арналған 5 (бес) дана газпоршеньді генераторлық қондырғы.

Маркасы, түрі: Cummins 1540 GQNA, QSV91 қозғалтқыштарымен

Сатып алынған жылы: 2009 жыл

Пайдалануға енгізілген жылы: 2009 жыл

Пайдалануға жарамдылығы туралы мәлімет: қосымша қаражат салуды талап етеді

Бағалаушының аты-жөні: Дусанова Ж.А.

Есеп нөмірі: 26/06/01

Есептің жасалған күні: 23.06.2026 жыл

Бағалау құны: 152 838 052,00 теңге

Бағалау күні: 23.06.2026 жыл

Объектінің орналасқан жері

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс кентінің маңындағы Оңтүстік Қаратөбе кен орны.

Сатушы

«ҚАЗАХТҮРКМҰНАЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

ЖСН/БСН: 980240003816

Мекенжайы: Ақтөбе облысы, ЕСКІРГЕН, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Санкибай батыр даңғылы, 173/1 құрылыс

Анықтама телефондары: 8 (7132) 97-68-52, +7 777 112 0319

Өткізу тәртібі

Бағаны көтеру аукционы (17.01.2021 жылдан бастап): сауда-саттық нысаны, мұнда бастапқы баға алдын ала белгіленген қадамға сәйкес көтеріліп отырады және ең жоғары бағаны ұсынған тұлға жеңімпаз болып танылады. Толығырақ

Бағаны көтеру аукционын өткізу қағидалары

1) Егер аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың ешқайсысы сату объектісін бастапқы баға бойынша сатып алуға ниетін растамаса, осы сату объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

2) Аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы бастапқы бағаны арттыру арқылы сату объектісін сатып алуға ниетін растамаса, бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Бір ғана қатысушы қатысқан аукцион қатысушы бастапқы бағаны растаған жағдайда өткізілді деп танылады.

3) Бастапқы немесе ағымдағы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі бастапқы немесе ағымдағы бағаны растау арқылы сату объектісін сатып алуға ниетін білдірсе, аталған баға Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сатуға арналған электрондық сауда-саттықты өткізу регламентінің 43-тармағында белгіленген қадамға сәйкес арттырылады.

Бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жалғасады.

Егер бағаны көтеру аукционы аяқталған кезде, сағат 17:00-де, аукцион жеңімпазы анықталмаса, сату объектісін сатып алуға ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады.

Әрбір сатылған объект бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып қол қояды.

Сатып алу-сату шарты Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық форматта жасалады және оған сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып қол қояды.

Сатып алу-сату шартын сатушы мен сатып алушы келісетін нысан бойынша жазбаша түрде жасасуға жол беріледі.

Тізімге оралу