Наурыз айында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директоры Қ. Б. Арымбекпен Жас мамандар кеңесінің есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында Жас мамандар кеңесінің төрағасы Н. Анафина 2025 жылға арналған жастар саясатын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қызметтің негізгі қорытындылары шығарылды.
Сондай-ақ 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары жас мамандардың кәсіби әлеуетін одан әрі дамытуға және оларды компанияның корпоративтік өміріне белсенді тартуға бағытталған.
Бұдан бөлек, комплаенс-офицердің қатысуымен оқыту іс-шарасы өткізіліп, оның барысында мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сондай-ақ контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мәселелері қарастырылды.
Аталған кездесу жастармен жүйелі жұмыс жүргізудің және компаниядағы корпоративтік құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын айқындады.