Сіздерді кәсіпорнымыздың 32- жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
1993 жылы 4 ақпанда «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның Жарғылық капиталының 51 % отандық «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясына, қалған 49 % түркиялық ТПАО компаниясына тиесілі тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алғашқы Қазақстан мен Түркияның біріккен кәсіпорны ретінде тіркелгені мәлім.
1997 жылы ҚР Үкіметі қазақстандық тараптың құқықтары мен міндеттемелерін серіктестіктің қатысушысы болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға берді. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жарғылық капиталындағы ТПАО үлесінің 49 % - продажи сатқаннан кейін, 2014 жылғы 23 қазаннан бастап ҚМГ серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып табылады.
Бүгінгі күні «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қуатты, тұрақты мұнай өндіру мекемесіне айналды. Бізде жоғары кәсіби және тату ұжым қалыптасты.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС жыл сайын өсіп-өркендеп, дамып келеді. Кәсіпорынға жүктелген өндірістік міндеттер әрдайым сәтті түрде жүзеге асырылуда.
2024 жылы компаниямыз Ақтөбе облысындағы Қаражар кен орнында тереңдігі 3 000 м болатын алғашқы іздестіру ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын бастап, жаңа жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл алаңның болжанып отырған қор мөлшері дәлелденіп, компанияның әрі қарай дами түсуіне жаңа серпін береді деп үміттенеміз.
Кәсіпорнымыз жыл сайын жаңа жетістіктерді бағындырып, Тәуелсіз мемлекетіміздің, оның ішінде экономикасының қарыштап дамуына өз үлесін қоса берсін!