Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жас мамандар кеңесінің төрағасы Н. Анафина мен оның орынбасары А. Жанғалиев Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Б. Қырықбаевпен бірге Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлердің үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында тыл ардагерлеріне Астана ауданы әкімдігі атынан арнайы құттықтау хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ардагерлер соғыс жылдарындағы қиын кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісіп, ақжарма тілектерін жеткізді. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Тізімге оралу