«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (бұдан әрі – КТМ) компаниясы өз тарихындағы алғашқы горизонталды ГС-1 ұңғымасын көпсатылы гидроажырату (МГРП) технологиясын қолдана отырып игерудің негізгі кезеңін аяқтауда.
Ұңғыманы бұрғылау Восточное Сазтобе кен орнының юра шөгінділеріндегі Ю-XII-Б горизонтына жүргізілді. Нақты тік тереңдігі 3 216,76 м, ұңғыма діңінің ұзындығы – 3 800 м, горизонталды учаскенің ұзындығы – 453 м.
МГРП төрт порт бойынша жүргізілді. Сұйықтықты алмастыру технологиясын қолдана отырып, икемді сорғы-компрессорлық құбырлар (ГНКТ) арқылы ағынды шақыру жұмыстары сәтті аяқталды. Қазіргі уақытта ұңғыманы өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы КТМ үшін маңызды технологиялық жетістік болып табылады. МГРП қолданылған алғашқы горизонталды ұңғыманы игеру қиын өндірілетін қорларды әзірлеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады және компанияның жетілген кен орындарында мұнайды алу коэффициентін арттыруға бағытталған заманауи технологияларды енгізуге дайын екенін көрсетеді.