2026 жылғы 27 наурызда «Қазахтүрікмұнай» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті РММ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тиімділігін арттыруға және Серіктестікте адалдық мәдениетін дамытуға бағытталған стратегиялық кездесу өтті.
Іс-шара гибридті форматта бас офис пен өндірістік бөлімшелердің (ЦДНГ-1 және ЦДНГ-2) қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылып, бұл қызметкерлерді кеңінен қамтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібінің басымдықтарын бірыңғай түсінуді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында уәкілетті органның өкілі Ұлданов Арман Егізбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оның ішінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізу, процестерді цифрландыру, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін баяндады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауды ынталандыру тетіктері түсіндірілді.
Серіктестіктің комплаенс-офицері Успанов Жандос Абдханиевич сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша іске асырылып жатқан шараларға жүйелі талдау ұсынып, оның ішінде ішкі бақылау тетіктерін дамыту, «Жедел желі» жұмысы және өтініштер мен хабарламаларды қарау тәжірибесі қамтылды. Өтініш берушілердің құпиялылығын қамтамасыз ету және оларды қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл комплаенс саласындағы халықаралық үздік стандарттарға сәйкес келеді.
Бас директордың міндетін атқарушы Кушербаев Рысбек Болатович өз сөзінде Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаттарына бейілділігін растады, сондай-ақ әрбір қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және тәуекелдер туралы уақтылы хабарлау жөніндегі жеке жауапкершілігін атап өтті.
Осындай іс-шараларды өткізу Серіктестіктің корпоративтік басқаруды нығайту, ашықтықты арттыру және ESG қағидаттарына (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады, сондай-ақ Серіктестіктің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның үздік тәжірибелеріне бейілділігін көрсетеді.