ТОО «Қазақтүрікмұнай» парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің СТ РК ISO 37001-2025 және халықаралық ISO 37001-2025 стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау бойынша сыртқы тәуелсіз сертификаттау аудитінің барлық кезеңдерінен сәтті өтті.
Бұл жұмыс мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді, оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қызметіне ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу жөніндегі іс-шара көзделген.
Аудит қорытындысы бойынша Серіктестіктің парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің халықаралық және ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы оң қорытынды беріліп, тиісті сәйкестік сертификаттары алынды.
Аудит барысында сарапшылар Серіктестіктің жоғары дайындық деңгейін, енгізілген жүйенің кемелдігін және оның күнделікті қызметтегі практикалық тиімділігін атап өтті.
Қол жеткізілген нәтиже Серіктестік басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің, оның ішінде кен орнында тікелей жұмыс атқаратын жұмыскерлердің бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.
ISO 37001 стандарттарын енгізу парақорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және басқару рәсімдерін жетілдіруге, ішкі бақылауды нығайтуға және іскерлік процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұл бастама парақорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайтуға, корпоративтік әдеп мәдениетін дамытуға және жұмыскерлердің жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Аталған сертификаттарды алу Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және квазимемлекеттік секторда халықаралық деңгейде танылған стандарттарды енгізу бағытындағы маңызды қадам болып табылады.
«Қазақтүрікмұнай» алдағы уақытта да парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін тұрақты жетілдіруге, адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын дамытуға бағытталған жұмысын жалғастырады.