ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН I ОРЫН, ЖҮЗУДЕН III ОРЫН!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдар арасында өткізілген Спартакиаданың ақтық сайыстарында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС №2 мұнай-газ өндіру цехының мұнай-газ және конденсат өндіру шебері Қанат Төремұратов ерлер арасында тоғызқұмалақтан 1-орын, канцелария маманы Найля Анафина әйелдер арасындағы 40 жасқа дейінгі санатта жүзуден 3-орын иеленді.

Осылайша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдар еңбек ұжымдары арасындағы 2024 жылдың Спартакиада жарыстары өз мәресіне жетті. Биылғы Спартакиада Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Қ.Сәтпаевтың 125-жылдығына арналды. Тамыз айының 10-ы мен 14-і аралығында өткен жарыстарға барлығы 27 командадан 600 астам атлет қатысты.

Спортшылар спорттың 11 түрі бойынша бас жүлде үшін өзара сайысқа түсті. Олар:арқан тарту, армрестлинг, асық ату, баскетбол, волейбол, киберспорт, мини-футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және шахмат.


Тізімге оралу