«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері тарихи нысан аумағында сенбілік өткізді

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің №1 мұнай-газ өндіру цехының қызметкерлері Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы аумағында орналасқан Бекболат–Тасым тарихи қорымы маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында қорым аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Акция еліміздің табиғи және тарихи нысандарын сақтау мен оларды күтіп ұстауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға және тарихи мұраларды сақтау бағытындағы іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырады.

Тізімге оралу