«Қазақтүрікмұнай» қызметкерлері экологиялық сенбілікке белсенді қатысты

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.

25 сәуір күні компания өкілдері Ақтөбе қаласындағы Триатлон саябағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, жаңа ағаш көшеттерін отырғызып, жерді тырмалап, ағаш түптерін қопсытты.

Бұл шара арқылы ұжым еліміз бен туған қаласының тазалығына бейжай қарамайтынын көрсетті. Компания қызметкерлері алдағы сенбіліктерге де белсенді қатысуды жалғастырмақ.

Тізімге оралу