СЕНБІЛІК

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы сенбілікке шықты. Серіктестік қызметкерлері бас кеңсе орналасқан Ақтөбе қаласы, Сәңкібай даңғылы бойындағы ғимараттың аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

- "Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс." - деп есептейді «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері.

Сенбіліктер тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Тізімге оралу