СЕНБІЛІК ТУРАЛЫ

Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, сондай-ақ облыс әкімінің Ақтөбені дамыту және абаттандыру жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасы аясында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы әр апта сайын сенбілікке шығады (Ақтөбеде сенбілік бес апталық болып жарияланды!).

Өткен сенбіде серіктестік қызметкерлері «Алтын орда» шағын ауданындағы А. Молдағұлова даңғылы бойындағы аллея аумағында ағаш түптерін қопсытып, былтырдан қалған жапырақтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Компания басшылығы осы іс-шараға қатысқан барлық қызметкерлерге шараға белсенді түрде қатысқаны және қаламыздың сұлулығы мен жайлылығы үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінгені үшін алғыс білдіреді.

Тізімге оралу