«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры А. Хамзиннің Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті әріптестер, жаңа 2025 жыл қарсаңында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 2024 жылды табысты түрде аяқтағалы отырғанын мәлімдеймін.

Серіктестігіміз Жалғыз құрылтайшы тарапынан жүктелген міндеттерді толығымен орындады.

Тараптар Ұжымдық шартта қарастырылған барлық міндеттемелерді толық көлемде жүзеге асырды. Бұл ұжымдағы тұрақты әлеуметтік психологиялық климаттың кепілдігі болды.

ҚМГ ЕТҰ тобында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің (SRS) қорытындысы бойынша, 2024 жылы ҚТМ-дағы әлеуметтік байсалдылық индексі – 99 %!

2023 жылмен салыстырғанда, индекс көрсеткіші 9-ға жақсарды.

2025 жыл қарсаңында Ақтөбе облысындағы Қаражар кен орнында тереңдігі 3 000 м болатын алғашқы іздестіру ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын бастап, жаңа жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл алаңның болжанып отырған қор мөлшері дәлелденіп, компанияның әрі қарай дами түсуіне серпін береді деп үміттенеміз.

2024 жылды табысты аяқтағанымыз үшін ұжымымыздың барлық мүшесіне алғысымды білдіремін. Баршаңызды 2025 жылы да ауызбіршілік және жауапкершілікпен жұмыс жасап, компаниямызға жүктелген барлық міндеттерді бірге орындауға шақырамын!

Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мақсатында 2024 жылдың 27 желтоқсаны күні Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келер жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп атау туралы жарлыққа қол қойды.

2025 жыл бейбітшілік пен ынтымақ жылы болсын!

Әрбір отбасыға береке мен молшылық тілеймін!

Сіздерді және отбасыларыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын!

Сіздерге ашық аспан мен зор денсаулық тілеймін!

Кәсіпорнымыз жыл сайын жаңа жетістіктерді бағындырып, Тәуелсіз мемлекетіміздің, оның ішінде экономикасының қарыштап дамуына өз үлесін қоса берсін!

Бас директор                                                         А. Хамзин

Тізімге оралу