ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Ұстаздар күні қарсаңында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жас мамандар кеңесі «Bilim» мектеп-гимназиясының мұғалімдерін құттықтады.
Республикалық «Ұстазға алғыс!» акциясы аясында Серіктестіктің жас мамандар кеңесі мүшелері Ақтөбе қаласындағы «Bilim» мектеп-гимназиясына барып, жалпы білім беретін мекеменің қызметкерлері Мұхтар Салтанат пен Ақгүл Баяхметқызына «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Хамзин Алмас Назымбекұлының атынан «Алғыс хат» пен әдемі гүл шоқтарын табыстады. Мұхтар Салтанат ұзақ жылдардан бері бастауыш сыныптар мұғалімі, Ақгүл Баяхметқызы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді.
«Сіздің еңбегіңіз – жай ғана мамандық емес, үлкен даналықты, төзімділікті және балаларға деген зор сүйіспеншілікті талап ететін шынайы ұлы мамандық. Сіздің қамқорлығыңыз бен біліміңіздің арқасында шәкірттеріңіз өмірге қажетті берік іргетас алып, өз күшіне сенімділікпен қарайды және жаңа жетістіктерге ұмтылады», деп жазылған алғыс хатта.

Тізімге оралу