Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы шығарылды

Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 18 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» АҚ-да Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының 58 үздік қызметкері марапатталды.

Құттықтау сөзінде КМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ұлттық компания кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жоспарлы түрде дамытып, жұмысшы мамандықтарының дамуына ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚМГ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға кең мүмкіндіктер беретін ауқымды бағдарламаларды іске қосты. Сонымен қатар, еңбек жағдайларын жақсарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде», — деді А. Хасенов.

Салтанатты рәсім барысында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлері де марапатталды:

  • Ансар Дуржанов — ЦДНГ №2 мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы;
  • Нұрлан Тымбаев — сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

Нұрлан Тымбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен «АЛЫП» корпоративтік бағдарламасы аясында рационализаторлық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Нұрлан Тымбаевтың «АЛЫП» жобасы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да сәтті жүзеге асырылып, өндірістік қызметке енгізілді.

Дуржанов Ансар.jpg

Тымбаев Нурлан.jpg

Анықтама

«АЛЫП» бағдарламасы ойлау жүйесін және басқару тәсілдерін трансформациялауға бағытталған. Бағдарлама қатысушылары операциялық қызметтің тиімділігін арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үздік әлемдік тәжірибелерді меңгереді.

Бағдарлама компанияның барлық бағыттары мен бизнес-процестерін қамтып, жұмысшылардан бастап топ-менеджментке дейінгі барлық деңгейдегі қызметкерлерді үздіксіз жетілдіру мен тиімді шешімдер іздеу үдерісіне тартады.

Тізімге оралу