«ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС-ның АЛҒАШҚЫ БАС ДИРЕКТОРЫ БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАНДЫ

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Бақтықожа Ізмұхамбетов «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қазақ-түрік біріккен кәсіпорнын құруға белсенді түрде атсалысты.

1993 – 2003 жылдар аралығында 10 жыл бойынша кәсіпорынның алғашқы бас директоры лауазымын абыроймен атқарды. Бүгінде ол ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы Бақтықожа Салахатдинұлын ҚР Президентінің Жарлығымен берілген «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен шын жүректен құттықтайды, сонымен қатар зор денсаулық тілейді және Қазақстан халқының игілігі үшін тынбай еңбек етуіне тілектестік білдіреді.

Тізімге оралу