"ПАРЫЗ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ АТАЛДЫ

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Биыл «Қазақтүрікмұнай» ЖШС "Парыз" байқауына 5 аталым бойынша өтініш берді.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин лауреаттарды марапаттау рәсімін онлайн қарап болған соң "Парыз" және "Алтын сапа" байқауларына белсенді қатысқан бірқатар ақтөбелік кәсіпорындардың басшыларына алғыс хаттар табыс етті. Олардың арасында "Қазақтүрікмұнай" ЖШС "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымы бойынша марапатталды.
"Тұңғыш Президент бастамалық еткен бақауға қатысудың өзі - үлкен құрмет. Іріктеу турына үздіктің үздігі өтеді. Жоғары биіктерге қол жеткізген табысты, әлеуметтік жағынан бағдарланған кәсіпорын болып қала беріңіздер",- деді облыс әкімі.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Талғат Исаев өз кезегінде кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытында жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Алғыс хат Парыз 2021 Мин

Алғыс хат Парыз 2021 Акимат Актобе

Тізімге оралу