4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қазақтүрікмұнай» ЖШС кеңсесінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Компанияның Бас директоры Құдайберген Арымбек ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлікті нығайтудағы ерекше маңызына тоқталды.
Компания Бас директорының кеңесшісі Николай Баев қатысушыларға Қазақстан Республикасының Әнұранының қабылдану тарихы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар, Жас мамандар кеңесінің төрағасы Найля Анафина жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Кеңес мүшелері дайындаған Мемлекеттік рәміздер күніне арналған арнайы бейнероликті көпшілік назарына ұсынды.
Мерекелік іс-шаралар компанияның №1 және №2 мұнай-газ өндіру цехтарында да өткізілді. Атап айтқанда, №2 цех жұмыскерлері Мемлекеттік рәміздер күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!