«Мектепке жол»: Кәсіпорын компьютер сыйлады

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС жыл сайынғы дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қолдау көрсетті. Ұжым көпбалалы жас отбасыға керек-жарақтарымен жабдықталған компьютер сыйға тартты.

Ақылбек Жұматаевтың отбасы «Птицевод» саяжай ұжымында тұрады. Жас отбасы 6 бала тәрбиелеуде. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектептерде жаңа оқу жылының қашықтан оқыту форматына көшкені белгілі. Сондықтан бүгінгі күні компьютер, ноутбуктарға деген сұраныс артып отыр. Осы жағдайды ескерген «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұқтаж отбасына керек-жарақтарымен жабдықталған компьютер сыйлау туралы шешім қабылдады.

- Сыйға беріліп отырған компьютер үшін қуаныштымыз. 3 баламыз мектепте оқиды. Олардың қашықтан білім алуына мүмкіндік туып отыр. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ға рахмет айтамын, - деді сыйлықты қабылдап алған көпбалалы ана Сарыалақаз Болатхан.

Тізімге оралу