«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті

Биыл Наурызнама онкүндігі аясында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымы ұлттық мерекені кең көлемде атап өтті. Әр күн көрісу, қайырымдылық, ұлттық киім, жаңару, бірлік және спорт тақырыптарына арналды.

14 наурыз – Амал күні қызметкерлер бір-бірімен төс түйістіріп амандасып, Жаңа жылға ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік көңіл-күйді домбырамен орындалған ән-күйлер толықтырды.

Қайырымдылық күні компанияның Жас мамандар кеңесі әлеуметтік жағынан осал 10 отбасыға азық-түлік пакеттерін табыстады.

20 наурызда кеңседе Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. «Ұлттық киім» байқауы өтіп, қызметкерлер арқан тарту, асық ату және гір көтеру бойынша бақ сынасты. Мерекелік дастархан жайылды.

22 наурызда Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңында компания атынан киіз үй тігіліп, қала тұрғындарына Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.

Сонымен қатар, мерекелік шаралар кен орындарында да ұйымдастырылды.



Тізімге оралу