Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жас мамандар кеңесі Жарқамыс ауылдық әкімдігімен бірлесіп балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Іс-шара аясында Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Жарқамыс ауылына арнайы барып, балалар үшін аниматорлардың қатысуымен қызықты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Балаларға ойыншықтар мен сыйлықтар, сондай-ақ тәттілер жиынтығы табысталды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында Астана ауданы әкімдігімен бірлесіп қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында Думан тұрғын алабының балаларына және №69, №77 мектептердің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне балмұздақ үлестірілді.
Өткізілген іс-шаралар балаларға қуаныш, жарқын әсерлер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Балаларды қорғау күніне арналған ерекше тартуға айналды.
Балалардың шат күлкісі әрдайым игі істер мен жаңа бастамаларға шабыт берсін!

Тізімге оралу