ГЕОЛОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Дәстүрлі түрде жыл сайын сәуір айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін геологтардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның бірқатар қызметкері ҚР Энергетика министрлігінің Алғыс хаты мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының Құрмет грамотасына лайық деп танылды.

Салалық министрлік пен Ұлттық компаниядан келген Алғыс хат пен Құрмет грамоталарын қызметкерлерге ұжымның бас директоры Талғат Исаев табыс етті. Ол сондай-ақ салтанатты жиынға жиналған әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.

ҚР Энергетика министрлігінің Алғыс хаты серіктестіктің кен орындарын игеру жөніндегі аға инженері Ерболат Жарылғасовқа табысталды. Сонымен қатар кен орындарын игеру жөніндегі жетекші инженер Асылбек Баянов, жетекші геолог Жасұлан Мұқатов және геолог Рустем Мақашев «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың қолы қойылған Құрмет грамотасында «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының дамуы жолындағы қажырлы еңбегі, кәсіби біліктілігі, қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін марапатталады» делінген. 

Тізімге оралу