Балалардың көзімен қауіпсіздік

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры Т. Исаев серіктестіктің бас кеңсесінде «Балалардың көзімен қауіпсіздік» сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Қауіпсіздік – адам баласының ең маңызды қажеттіліктерінің бірі. Сондықтан өмірдің барлық кезеңінде адамның бойына қауіпсіздікті сақтау, оның ішінде өрт қауіпсіздігі мәдениетін сіңіріп, дамытып отыру қажет. Серіктестіктің Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімі осы мақсатпен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның өндіріс нысандарында еңбек етіп жатқан жұмыскерлердің балалары арасында «Балалардың көзімен қауіпсіздік» сурет байқауын ұйымдастырған еді.

Байқауға ұсынылған суреттердің тақырыптары әртүрлі болды: «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу», «Автокөліктердің жылдамдық тәртібін бұзу», «Алтын ережелерд» сақтау» және т.б. Балалар өздері таңдаған тақырыпты ашу үшін барынша тырысқан.

Байқауға ұсынған еңбектерімен ерекшеленген келесі балаларды атап өтуге болады. Олар: Айжарикова Сұлухан, Байжомартова Дайана, Дрямова Элина, Жанатова Гауһар, Раева Нұрайлым, Стешенко Кира, Тулеубаева Сафия, Тулеубаев Мадияр, Шинтасова Камила, Сантеева Дания.

Әділқазылардың шешімімен байқаудың бас жүлдесін «Алтын ережелерді» сақтау» тақырыбы бойынша суретімен Дрямова Элина жеңіп алды. Сонымен қатар байқауға қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар берілді.  

Тізімге оралу