Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жас мамандар кеңесі компания қызметкерлерінің балалары арасында «Әлем балалар көзімен» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды

Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жас мамандар кеңесі компания қызметкерлерінің балалары арасында «Әлем балалар көзімен» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды

Жас қатысушылар өздерінің әлемге деген көзқарасын, армандары мен қиялдарын бейнелеген жарқын әрі қызықты жұмыстарын ұсынды. Әрбір туынды балалардың шынайылығының, талантының және шексіз қиялының көрінісіне айналды.

Байқауға қатысқан барлық балалар компания кеңсесіне шақырылып, салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Әрбір балаға естелік сыйлықтар мен кинотеатрға билеттер табысталды.

Балаларды мерекесімен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директоры құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, оқуда табыс және жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі.

Байқауға қатысқан барлық балаларға белсенділігі, таланты және тамаша жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз! Балалардың армандары әрдайым қолдау тауып, шабыттары олардың ең батыл идеяларын жүзеге асыруға жол ашсын!

Тізімге оралу