АСХАД АЙЖАРЫҚ «ТӘЛІМГЕР» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Еңбек күніне орай өткізілген «Адал азамат – адал еңбек» мерекелік іс-шарасында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндірісті жедел басқару бөлімінің бастығы Асхад Сисенұлы Айжарық «Тәлімгер» аталымы бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Мұнай және газ өндіру саласындағы жалпы өтілі 35 жылды құрайтын Асхад Айжарық бүгінгі таңда кәсіпорынның бөлімімн басқарады. Ол білікті басшы ретінде өзінің лауазымдық міндеттеріне аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әрдайым өндірістегі терең тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп отырады, сондай-ақ жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруден ешқашан жалыққан емес. Сондықтан ұжым мүшелері арасында мәртебелі абыройға ие. Әріптесімізді мерейлі марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына берекет және еңбекте табыс тілейміз!

Тізімге оралу