«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (әрі қарай ҚТМ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы қатаң түрде сақтау бизнесті тұрақты түрде дамытудың негізгі бір шарттардың бірі екеніне сенімді.

Осыған байланысты ҚТМ бас директорының 11.03.2020 жылғы №131 бұйрығымен ҚТМ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ереже бекітілді.

Ереже төмендегі мақсаттармен дайындалды:

· ҚТМ-ның қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қатынастарды реттеуші қазақстандық және шетелдік заңнамалардың талаптарына, бизнесті жүргізудің жоғарғы этикасына сәйкес болуын қамтамасыз етеді;

· ҚТМ мен оның Қзметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қызметтеріне тартылу тәуекелдерін азайту;

· ҚТМ Қызметкерлері мен Лауазымды тұлғаларында, акционерлерде, инвесторларда, Контрагенттерде, мемлекеттік орган өкілдерінде, басқа да мүдделі тұлғаларда ҚТМ-ның барлық түрі бойынша сыбайлас жемқорлықты жоққа шығарушы тұлға ретінде пікір қалыптастыру;

· ҚТМ-ның сыбайлас жемқорлыққа тартудың алдын алу жөніндегі қызметін реттейтін локальды нормативтік база қалыптастыру.

ҚТМ Қызметкердің және/немесе Лауазымды тұлғаның өмірі немесе денсаулығына қауіп туу жағдайын есепке алмағанда бүкіл әлемде тікелей немесе үшінші бір тұлғаларды тарту арқылы жасалатын кез келген сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық немесе пара берудің жасалуына тыйым салады. ҚТМ сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтынын және ерікті түрде сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтардың алдын алу саласында өзіне қосымша міндеттерді алатынын ашық түрде жария етеді.

ҚТМ Қызметкерлеріне делдал арқылы жасалатын төлемдерді де бірге қосқанда КТМ атынан саяси мәнге ие тұлғаларға Ынталандырушы төлемдер жасауға тыйым салады.

ҚТМ-ның кез келген қызметкері, сонымен қатар үшінші бір тұлға сыбайлас жемқорлық фактісі туралы жедел желі телефонына хабарлау құқығына ие. Берілген мәлімет бірден қарастырылады, мәліметті қарау кезінде хабарлаушының құпиялылығы мен тәуелсіздігінің сақталуына кепілдік беріледі.

Тізімге оралу