2025 жылғы 3 қазан күні «Қазахтүркмұнай» ЖШС қызметкерлерінің өзара іс-қимылы аясында бас директордың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында комплаенс-офицер «Қазахтүркмұнай» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс жүйесінің тиімді жұмыс істеуі бойынша қабылданған шаралар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Қоғамның Бақылау кеңесімен бекітілген жергілікті актілер туралы, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды күшейтуге, мүдделер қақтығысын уақтылы реттеуге, сондай-ақ «Жедел желі» арналары арқылы бастамашылықпен хабарлауға ықпал ететіні атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Тоқбасова тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме берілді. Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері түсіндірілді. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі түсіндірілді.
Қорытындысында бас директор уәкілетті орган өкіліне алғысын білдіріп, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын ұстануға шақырды.