АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ «ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» ЖШС-ҒА «АЛҒЫС ХАТ» ТАБЫС ЕТТІ

№2 мұнай-газ өндіру цехына қара алтын өндірушілерді кәсіби мерекесімен құттықтауға арнайы келген Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Асылхан Жұбаналин «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бас директоры Т.Исаевке «Алғыс хат» табыс етті.

-«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымын мұнайшылар күнімен құттықтаймын! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміз даму үстінде. Компанияларыңыз басқа да қолдауларын қоспағанның өзінде, Жарқамыс ауылын тегін газбен қамтамасыз етіп келеді. Ауыл халқы бұған үлкен алғыс білдіреді. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман болсын, еңбекте табыс тілеймін!- деді А. Жұбаналин құттықтау сөзінде.

Мың бұралған бишілер мен әншілерден құралған ауылдық округ жанындағы көркемөнерпаздар тобының мерекелік шашуы жыл он екі ай ен далада үздіксіз еңдек етіп жүрген жұмыскерлерге мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Тізімге оралу